Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Дүйсенбі күні 4 өңірде ауа райы бұзылады

2019 жылдың 13 қазан 2019 15:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 14 қазан күні 4 өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің күші 25 м/с артуы мүмкін. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады. Оңтүстіктен соғатын желдің екпіні батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында 15-20 м/с екпінімен жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жоғары қарай