Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Дүниежүзілік денсаулық күні: Флешмоб өтті

2019 жылдың 7 сәуір 2019 13:44

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасының қызметкерлері «Баршамызға денсаулық» ұраны аясында флешмоб өткізіп, аудан тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер мен медбикелер әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну керектігін ескерту, денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында көпшілік алдына шықты.

Сонымен қатар, аудандағы Бастапқы медико-санитарлық көмек орталығы мен дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлері аурудың алдын алу мен қатерлі ауруларды дер кезінде анықтау мақсатында арнайы семинар ұйымдастырып, күнделікті кездесетін көкейкесті мәселелерді талқылады.



null

«Денсаулық - адам өмірі үшін ең басты құндылық екені бәрімізге мәлім. Қоғамның назарын ең басты мәселеге аудару үшін және әр адам өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында 1950 жылдан бастап 7 сәуір күні дүниежүзілік Денсаулық күні болып жарияланған болатын. Әр жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 7 сәуір күнін ерекше атап өту үшін, көкейкесті мәселеге байланысты лозунгтар белгілеп, адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру мақсатында үндеу жасап жатады», - деді ұйымдастырушылар.



null

2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Денсаулық күнін «Universal health coverage» - «Баршамызға денсаулық» - лозунгымен атап өтпек екен.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Медицина, Алматы,
Жоғары қарай