Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Дориан дауылы Багам тұрғындарын үйсіз қалдырды

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 19:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дориан дауылынан кейін Багам тұрғындарының 17 %-ы үйсіз қалды, деп хабарлайды CNN.

Бұл 70 мыңға жуық адамның үйсіз, күйсіз, көліксіз, былайша айтқанда, түксіз қалғанын білдіреді.

Тұрғындардың хабарлауынша, Дориан дауылының тынышталғанына 9 күн болса да, олар жарықсыз, ауыз сусыз отыр. Көмекке мұқтаж.

Багам аралдарының премьер-министрі Хьюберт Миннис қираған аралдарды қалпына келтіру үшін қанша уақыт кететінін нақты айта алмады, дегенмен, құрылыс жұмыстары басталған соң, тұрғындардың қайта оралуларына болатынын айтты.

Багам тұрғындары апаттан кейін тұратын жер таппай қиналуда. Ел астанасы Нассау қаласындағы құтқару тұрғын жайларында бос орын қалмаған.

Ал АҚШ визасыз, тиісті құжаттарсыз ешкімді қабылдамайды. Гранд-Багамнан Флоридаға бет алған 119 адам жексенбі күні қайықты тастап, кері қайтуға мәжбүр болды. Өйткені, олардың құжаты толық болмаған.

Айта кетейік, Дориан дауылынан кейін Багам аралдарында көз жұмғандар саны 50-ге жетті. Оның 42-сі Абако аралынан, 8 адамның денесі Гранд-Багамнан табылған. Ал із-түссіз жоғалғандар саны әлі белгісіз.

USAID әкімгері Марк Грин Багам аралдарын «ядролық бомбадан кейін түгі қалмаған аймақ сияқты» деген теңеу айтты.

Абако аралынан құтқарылған 5 мыңға жуық адам қауіпті аймақтарда өмір сүруде. Олар қираған үйлерді мекендеуге мәжбүр.

Бір ғана Марш-Харбор қаласында 1100 ғимараттың тас талқаны шыққан, спутник арқылы түсірілген суреттер оған дәлел бола алады.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай