Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Допинг ережесін бұзған ресейлік биатлоншы Сочи олимпиадасындағы алтынынан айырылды

2020 жылдың 15 ақпан 2020 15:48

АНТХОЛЬЦ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейлік биатлоншы Евгений Устюгов антидопинг ережелерін бұзды деп айыпталып, 2014 жылы Сочи олимпиадасында алған алтын медалінен айырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне Ресей биатлоншылар қоғамындағы дереккөз хабарлаған.

Устюгов тыйым салынған затты (оксандролон) пайдаланғаны үшін айыпталып отыр. 2013 жылғы 27 тамыздағы спортшының нәтижесі, барлық медальдары мен ұпайы және сыйлықтары дисквалификацияланды.

Күші жойылған нәтижелерінің қатарында Устюговтың 2014 жылғы Олимпиада ойындарында эстафетадан алған алтын медалі де бар.

Сондай-ақ сенбі күні Халықаралық биатлоншылар одағы (IBU) Устюгов пен Олимпиада чемпионы Светлана Слепцованың екіжылға жарыстан шеттетілгенін растады.

Устюгов 2010 жылғы Олимпиада ойындарының масс-старт бойынша чемпионы.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай