Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

Допинг дауы: «Канело» ресми түрде рингке оралды

2018 жылдың 18 тамыз 2018 09:34 181

АСТАНА. ҚазАқпарат - Невада штатының атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) салынған санкцияны алып тастады. «Канелодан» жекпе-жек алдында алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылған болатын, деп жазады Sports.kz. 

Сауль Альварестің  17 және 20 ақпанда тапсырған допинг-сынамасынан кленбутерол табылған болатын. Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшыдан алынған допинг сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат - Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады. 

Осылайша, «Канело» ресми түрде рингке оралды.

Еске салайық, «Канело» мен GGG-дың алғашқы айқасы дау тудырып, соңында қарсыластар тең түскен еді. Екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile аренасында өтетін болады. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай