Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Доллар бағамы 3 күн қатарынан арзандады- KASE

2019 жылдың 14 наурыз 2019 11:14 638

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға 377,45 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,24 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 377,3 теңге, ал ең жоғарысы - 377,6 теңге болған. Сауда көлемі 35,04 млн долларға жетті.

Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 377,69 теңгені, күндізгі сессияда 377,77 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 377,74 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 107,286 млн доллар.

Еске сала кетейік, сейсенбі күні KASE-де АҚШ долларының бағамы 1,83 теңгеге - 379,75 теңгеден 377,92 теңгеге дейін, сәрсенбі күні 0,23 теңгеге - 377,69 теңгеге дейін төмендеген болатын.

 

 

Басты сөздер: Экономика, Қаржы,
Жоғары қарай