Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Доллар 2,7 теңгеге арзандады

2019 жылдың 18 наурыз 2019 11:24 449

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 долларға - 375,49 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі KASE-ге сілтеме жасап.

Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 2,71 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 374,9 теңге, ал ең жоғарысы - 376,1  теңге болған. Сауда көлемі 119,66 млн долларға жетті.

Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 378,2 теңгені, күндізгі сессияда 378,92 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 378,51 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 101,731 млн доллар.

 

 

 

Басты сөздер: Қаржы, Қор рыногы, Экономика,
Жоғары қарай