Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Мақтааралдық тұрғындармен кездесті

2019 жылдың 24 қазан 2019 23:37

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық түсіндіру тобы Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының тұрғындармен кездесті. Алқалы жиынға білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен дінтану пәнінің мұғалімдері және зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу жиындарын Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжінің жастарымен бастаған топ ислам дінінің қадір-қасиеті мен қоғамдағы рөлін түсіндіріп өтті. Діни сауатсыздық салдарынан әлемге үрей туғызып отырған терроризм, экстремизм әрекеттерінің алдын алу жолдарымен бөлісті. Осындай кездесулер ауданның басқа да білім мекемелерінде өтті. Айта кетейік, топ құрамында М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, PhD докторы Ермек Бекбосынов пен Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Құдайберді Бағашаров, ҚМДБ Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Бертымұратов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары Медет Халықов бар.
Автор Айнұр Ақбаева
Басты сөздер: Дін, Түркістан облысы,
Жоғары қарай