Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Димаштың елордадағы концерті: билеттерді қайдан алуға болады

2019 жылдың 22 сәуір 2019 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концертінің билеттерінің 80 пайыздан астамы сатылып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат концертінің бас ұйымдастырушысы «Қазақстан» корпорациясына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 29 маусымында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билеттің 81 пайызы сатылды. Билеттерді сату бойынша бас оператор - zakazbiletov.kz. Сондай-ақ, билеттер biletiastana.kz сайтында қолжетімді. Концерт бойынша барлық жаңалықтарды Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі @dimash_arnau парақшасынан біле аласыздар. Басқа ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сүйенбей, ресми парақшадағы ақпаратқа назар аударыңыздар», - делінген «Қазақстан» РТРК АҚ хабарламасында.

Димаш Құдайбергеннің концерті 29 маусымда «Астана-Арена» сарайында өтеді. Билеттер 18 наурыздан сатыла бастаған.

Нәтижесінде, сатылымда 10 мың және 8 мың теңгелік фан-аумақтың билеттері ғана қалды.

Концертке билет сатып алушылардың ең көбі - қазақстандықтар. Одан кейін Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия, Жапония, Түркия, Нидерланд, Румыния, Польша және т.б елдер. Ең алыс елдердің арасында: Бразилия, Мексика, Африка, Канада, Аустралия бар.

Жоғары қарай