Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Димаш жаңа бейнебаянын түсірді

2018 жылдың 24 мамыр 2018 00:31 231

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 мамырда 24 жасқа толатын әнші Димаш Құдайберген өзінің туған күні қарсаңында жаңа клипін жарыққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, «Screaming» әнінің шығатыны туралы жақында Инстаграм парақшасында Димаштың өзі жазған болатын.

«Екі күннен кейін ағылшын тіліндегі əнге түсірілген бейнебаяным көрерменге жол тартпақ. Əннің композиторы Muhgal осы күнге дейін Rihanna, Usher, Cherul Fermandes - Versini, Shakira, Ne-Yo, Avisi сынды əншілерге əндер жазған. Сонымен, жақында ғана жарық көрген «Screaming» деген əнімнің бейнебаяны көңілдеріңізден шығады деген үміттемін», - деп жазған еді Димаш.

Уәде еткеніндей, Димаштың әні бүгін YouТube желісінде жарияланды. Клиптің аса жоғары сапада түсірілгенін көруге болады.

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай