Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Димаш Ташкентті таң қалдырды

2019 жылдың 15 сәуір 2019 23:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Димаш Құдайбергеннің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасында әншінің Ташкент төрінде өнер көрсеткен видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзбекстанда Қазақстан жылының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген әйгілі «Sos d'un terrien en detresse» әнін шырқады. Айта кетсек, ол осы әнімен Қытайдағы «I am singer» байқауының шымылдығын ашып, көршілес елді, онымен бірге әлемді өзіне жалт қаратқан болатын.

Әншінің Өзбекстандағы фан-клубының Инстаграм парақшасындағы видеоға жанкүйерлер көптеп пікір қалдырып жатыр.

«Не деген керемет орындау! Көрермендер біздің сүйікті әншімізді керемет күтіп алды! Димашқа лайық әдемі сахна!», - деп жазады фанаттарының бірі.

Димаштың өнер көрсеткенін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бөлісіп, Инстаграм парақшасына «Сегіз қырлы Димаш Құдайберген! Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанаты. Ташкент 2019» деген жазба қалдырды.

Шағын видеода Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев тамсана қол шапалақтап отырғанын көруге болады.

Еске сала кетсек, кеше Димаш Құдайбергеннің өзбекстандық фан клубы әншіні Ташкенттегі әуежайдан құшақ жая күтіп алған болатын.

Жоғары қарай