Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Димаш Ресейдің ірі қалаларына жеке турын өткізеді

2019 жылдың 24 қазан 2019 22:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайберген 2020 жылдан бастап Ресейдің ірі қалаларына жеке турын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ол instagram парақшасында жазды.

«2020 жылдын ақпан айында Ресейдiң үлкен қалаларында менiң жеке турым өтедi. Соның iшiнде 16 ақпан Краснодар қаласында, 20 ақпан Қазанда және 23 ақпан Екатеринбург қаласында концерттерiм болады. Мен және менiң командам сiздердi көруге әрқашан қуаныштымыз. Билеттер сатылуда» - дейді әнші.

Еске сала кетсек, бұған дейін әнші Димаш Құдайберген 2020 жылы 11 наурызда Украина астанасында концерт беретіні хабарланған болатын.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Ресей, Димаш Құдайберген,
Жоғары қарай