Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

Димаш Николь Кидманмен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті

2017 жылдың 10 қараша 2017 21:01 1834

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Голливуд жұлдызы Николь Кидманмен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Инстаграмдағы парақшасында жариялаған суретінің астына Николь Кидманмен бірге қызыл кілемде жүріп өткенін жазған.

Сондай-ақ, қазақстандық әнші әлемдегі ең бай 10 бизнесменнің бірі, «Ali baba» компаниясының негізін қалаушы  Джек Мамен бірге түскен суретін жариялады.

«Қайта қауышқаныма қуаныштымы, Джек мырза. Шақырғаныңызға рахмет!», - деп жазды әнші.

Еске салайық, бұдан бұрын Димаш Құдайбергенге «Alibaba Group» қытайлық алпауыт интернет-компаниясының басшысы Джек Ма сыйлық тарту еткен болатын. 

Қызыл кілем. Николь Кидманмен. With @nicolekidman #DQ #DIMASH #Dears #Redcarpet

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Ноя 10 2017 в 3:25 PST

Жоғары қарай