Ауа райы
Нұр-Сұлтан 26 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Димаш Құдайбергеннің көптен күткен бейнебаяны жарыққа шықты

2019 жылдың 18 сәуір 2019 22:12 1787

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері көптен күткен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әніне түсірілген бейнебаян жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейнебаян «GUTSERIEV MEDIA» арнасына жүктелді.


Айта кетсек, «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінің сөзін ресейлік ақын - Михаил Гуцериев, музыкасын Игорь Крутой жазды.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген кезекті клипін түсіру үшін осы жылдың ақпанында Испанияға аттанған болатын. Арада көп өтпей, әнші аталмыш елдегі бейнебаянның  түсірілімінен фотосуреттермен бөліскен еді.

 «Қадірлі достар! «Любовь уставших лебедей» әнінің бейнебаяны түсірілімінен алынған бірнеше фотосуретті сіздермен бөліскім келді. Клиптің режиссері - Алан Бадоев. Өздеріңіз түсінген шығарсыздар, видео фэнтези стилінде түсірілді.   Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазған еді Димаш.

Димаш былтыр Мәскеудегі Кремль сахнасында және «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында қонақта болғанда осы әнді орындаған болатын.

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Димаш Құдайберген, Өнер,
Жоғары қарай