Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Димаш Құдайберген тоққа түсіп, екі қолынан айырылған оқушымен кездесті

2019 жылдың 14 шілде 2019 21:00 262

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге келген Димаш Құдайберген екі қолынан айырылған Дамир Фактулинмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалқар ауданындағы мектеп ауласында ойнап жүріп, трансформатордағы тоққа түсіп қалған Дамир Фактулин екі қолынан айырылған болатын. Бүгін оның армандарының бірі орындалып, Димаш Құдайбергенмен кездесті.

«Ұлым Дамир өте қуанышты. Ол бүгін Димашпен түскі ас ішіп, кешке де бірге болады екен. Сыйлық та берді. Дамир Димаштың әндерін тыңдайды, кездесу арманы еді», - деді Дамирдің анасы Гүлмира Фактулина. Анасының айтуынша, ол кездесуге екі ұлын жіберген.

Жоғары қарай