Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Димаш Құдайберген Киевте концерт береді

2019 жылдың 21 қазан 2019 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 2020 жылы 11 наурызда Украина астанасында концерт береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қымбатты достар! 2020 жылдың 11 наурызында Киев қаласында өтетін жеке концертіме билет сатылымы басталғанын қуанышпен хабарлаймын. Билеттерді концерт серіктесі concert.ua сайтынан қарауға болады. Мен сіздерді күтемін», - деді Димаш өзінің бейнеүндеуінде.

Айта кетейік, концерт Киевтегі спорт сарайында өтеді. Билеттің бастапқы бағасы 700 гривнадан басталады. Бұл – қазіргі курспен 10 962 теңге.

Айта кетейік, 10 желтоқсанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында Димаштың «Arnau tour ENVOY» жеке концерті өтеді. Концертте әнші жаңа туындыларды таныстырып, төрт тілде ән шырқайды.

Жоғары қарай