Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Димаш Құдайберген «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атанды

2019 жылдың 11 желтоқсан 2019 16:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенге «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағын беру ұсынысын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбе облысының құрметті азаматы» атағы қоғамдық бірлестіктер мен депутаттардың ұсынысымен қаралып, талқыланды. Барлығы 10 адамның аты-жөні аталғанымен, төртеуі лайықты деп танылды. Олар - философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық, «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Есімхан Құрманғазин. Құрметті азаматтар қатарында бүгін Нью-Йорктегі концертін аншлагпен өткізген Димаш Құдайберген де бар.

«Димаш Қанатұлы - әнші, сазгер. 2004 жылы А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжін тәмамдады. Қазақ ұлттық өнер университетінің эстрада-өнер кафедрасында оқып жатыр. 2010-2013 жылдары бірнеше вокалдық конкурстардың жеңімпазы атанды. Қазақстанда «Байқоңыр дауыстары», «Жас қанат», Украинадағы «Восточный базар», «Славянский базар» байқауының жеңімпазы. 2014 жылы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2015 жылы «Жыл әншісі» болып, 2016 жылы «Эстрада әртісі» сыйлығын иеленді. 2017 жылы Қытайда өткен байқауда жүлдегі орын алды», - деді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі Нұржауған Қалауов.

Фото: vk.com/dimashdearseurasianfanclub

Жоғары қарай