Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Димаш Құдайберген және Аружан Саин мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының балалар құқықтары жөніндегі уәкілі А.Саин «Құрмет» орденімен марапатталды.

Сондай-ақ, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым және мәдениет саласының 36 көрнекті өкіліне берілді, олардың ішінде белгілі әншілер Тамара Асар мен Димаш Құдайберген бар.

Айта кетсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Жоғары қарай