Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Диқандарға жеңілдікпен қанша дизель беріледі

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 20:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов күзгі астық жинау жұмыстары үшін шаруаларға жеңілдікпен дизель беру жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесіп, диқандарға қажетті мұнай өнімдерінің көлемін анықтап, ҚР Энергетика министрлігіне көктемгі және күзгі егін жұмыстарына дизельдік отын жеткізу көлемі туралы ұсыныс енгізеді.

«Күзгі егістік жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеңілдікпен сатылатын 395 мың тонна дизель бөлінді. 2019 жылдың 16 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, жоспарланған дизельдің 65,4% немесе 258,3 мың тоннасы таратылды. 2019 жылғы көктемгі егіс жұмыстарында дизель отынының бір тоннасын 193 мың теңгеге беру ұсынылды, күзгі егін жинау жұмыстарында диқандар үшін дизель бағасы – 198 мың теңге/тоннаны құрады. ҚР Энергетика министрлігінде ауылшаруашылығы тауарын өндіруші үшін дизель отынының арзандатылған бағасын заңнамалық бекіту құзыреті жоқ», - деді.

Биылғы 11 қыркүйектегі жағдайға сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бір тонна отынның көтерме бағасы –213 096 теңге, Шымкент зауытында – 212 127 теңге және Павлодар мұнай өңдеу зауытында – 216 005 теңге. Импортқа тауар шығарылмайды.

«Мұнай өңдеу зауыттарындағы дизельді отын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге басымдық негізінде таратылады. Тәулік сайын отын тиеу жұмыстары қадағаланады», - деді вице-министр.

Ақпан айында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ішкі нарықтың 100% отандық мұнай өнімдерімен қамтылатынын айтқан еді.


Жоғары қарай