Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Деревянченко Головкинмен екінші рет айқасса, жеңетініне сенімді

2019 жылдың 16 қазан 2019 08:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Украиналық боксшы Сергей Деревянченко алдағы жоспарлары жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Егер украиналық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алудың мүмкіндігі болмаса, Сауль Альварес немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.

«Мен реванш өткізгім келеді, дүниежүзі осыны күтіп отырғанына сенімдімін. Бұл Головкиннің соңғы жылдарда өткізген ең мықты айқасы болды. Келесі жекпе-жекте IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы бола алатыныма сенемін. Екінші айқасқа сұраныс болады деп ойлаймын, сондықтан менің промоутерлерім мен менеджерлерім оны ұйымдастыруға барын салады», - деді Деревянченко.

Боксшы екінші жоспары да бар екенін жасырмады.

«Егер реванш болмаса, «Канело» Ковалевпен жұдырықтасып болған соң, онымен ұстасып көргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек өткізетініме сенемін, өйткені, орта салмақта басқа лайықты ешкім жоқ. Егер «Канело» да жабық болса, Чарломен кездесіп, 160 фунтта шайқастың көкесін көрсетуші едім», - деді украиналық былғары қолғап шебері.

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин,
Жоғары қарай