Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Денсаулық сақтау министрлігінің екі комитеті қайта құрылды

2019 жылдың 16 сәуір 2019 19:38 785

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттері біріктірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әділет» ақпараттық-құқықтық порталына сілтеме жасап.

Осылайша, ҚР ДСМ Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылды.

«ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» РМК мен «ҚР ДСМ Фармация комитеті» РМК «ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» РМК қосу жолымен, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің және Фармация комитетінің аумақтық бөлімшелері - республикалық мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын», - делінген тиісті қаулыда.

Республика бойынша 250 аумақтық бөлімшелер жаңа комитеттің басқармалары мен департаменттеріне айналды. Сонымен бірге, 9 обаға қарсы станция мен Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы мен Ұлттық сараптама орталығы Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басқаруына берілді.

Сәйкес қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілген.

 

 

Жоғары қарай