Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Денсаулық күні дәрігерлерлер тегін консультациялық-диагностикалық көмек береді

2019 жылдың 3 сәуір 2019 21:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 сәуірде Қазақстанның медицина ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ сайтына сілтеме жасап.

Биыл аталмыш күн «Денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту: барлығы үшін және бүкіл жерде» айдарымен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аталып өтеді.

Атап айтқанда, Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу шеңберінде елдің медициналық ұйымдарында 1-10 сәуір аралығында ашық есік күндері басталады.

Әрбір ниет білдіруші өзінің денсаулығының жай-күйі туралы арнайы мамандардың консультациялық-диагностикалық және практикалық бейінді мамандардың көмегін тегін ала алады. Олар: офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, травматолог, педиатр, психиатр-нарколог, эндокринолог, балалар ортопеді, логопед, дефектолог және басқалар.

Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде еліміздің барлық медицина ұйымдарында флешмобтар, жаттығулар, веломарафондар және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.

Жалпы білім беретін мектептерде Денсаулық елшілерінің, танымал спортшылар, әншілер, актерлердің қатысуымен жаттығулар өтеді.

Денсаулық мектептерінде, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында халықпен медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің «Уақтылы скрининг өту» тақырыбында кездесулер өтеді.

Жоғары қарай