Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

Денис Теннің өліміне қатысты эксперименттік тергеу жүріп жатыр

2018 жылдың 20 шілде 2018 13:34 611

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Олимпиада жүлдегері Денис Теннің өліміне қатысты күдіктімен тергеу экспериментін жүргізіп жатыр. Бұл туралы желіде бейне жазба тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 жасар Нұралы Қиясовты күндіз құқық қорғаушылар Құрманғазы мен Байсейітов қиылысына алып келді. Тергеушілер қылмыстық әрекеттің хронологиясын анықтауда. Тергеу экспериментінің барысы көп адамның назарын аудартып, тиым салынса да бейнежазбаға түсіргендер болды. Бейнероликте күдікті бетін жасырғаны байқалады.

Құқық қорғау органының қызметкерлері күдіктімен бірге Шевченко мен Назарбаев көшелерінің қиылысына дейін барды. Кейін оны көлікке отырғызып алып кетті.

Бұған дейін айтылғандай, ұсталған жігіт кінәсін мойындаған болатын.

Алматы полициясы Денис Теннің өліміне күдікті екінші адамды іздестіруді жалғастырып жатыр.

Ол болжам бойынша Қызылорда облысының тумасы, 24 жастағы Арман Құдайбергенов.

 

 

Жоғары қарай