Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады

2019 жылдың 19 шілде 2019 12:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет»РМК 20-22 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Демалыс күндері барикалық өріс қайта өзгереді деген болжам бар. Сондықтан Қазақстанның солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен бірге Орал аймағынан салқын және ылғалды ауа түсе бастайды.

Атмосфералық фронттар оңтүстік-шығыс бағытта баяу жылжи отырып, өз жолында қысқа мерзімді жауын-шашын, найзағай, дауыл, бұршақ ала келеді. Күннің жылуы әлсірейді.

Бірақ республиканың оңтүстік облыстарында күн әлі де ыстық, ауа температурасы бұрынғысынша - 38...45°С.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай