Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

2019 жылдың 12 шілде 2019 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 13-15 шілде күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Ирак және Иран аумағынан көтерілген ыстық әрі құрғақ ауаның жылжып келуі Қазақстандағы аптап ыстыққа себеп болып отыр. Демалыс күндері республиканың көпшілік облыстарындағы ең жоғары ауа температурасы 35...40°С айналасында болады. Оңтүстік өңірлерде бұдан да ыстық болып, күндіз ауа температурасы 40...45°С-қа дейін көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Шығыста аздап салқындау болады, жекелеген аудандарда жаңбыр себелеп өтіп, күндізгі ауа температурасы 25 до 35°С аралығында болады.

Қазақстанның батысында да кей аудандарда жаңбыр себелеп өтіп, найзағай ойнауы мүмкін, ыстық аздап басылады.

Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай