Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.84
EUR 407.97
RUB 5.91
CNY 53.80

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

2019 жылдың 27 желтоқсан 2019 19:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28-30 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ай ғана емес, жыл да аяқталып келеді. 2019 жылдың соңғы демалыс күндерінде көптеген облыстарда кезекті циклонның әсерінен жауын-шашын болады. Солтүстік аймақтарда қар жауып, бұрқасын көтеріледі, оңтүстікте – жылбысқы қар жауады, тұман және көктайғақ болады. Алайда дүйсенбі күні ауа температурасы төмендейді, бірақ орташа климаттық нормадан жоғары болып қала береді» делінген хабарламада.

Бұрқасын мен тұман жолдағы көріну қашықтығын 50…500 метрге дейін нашарлатып қана қоймай, автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ қиындық тудырады.

«Сондықтан жолда абай болыңыздар» деп ескертеді синоптиктер.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай