Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Дауыс беру күні сайлау учаскелеріне 16 шағым түсті - ОСК

2019 жылдың 10 маусым 2019 14:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дауыс беру күнінде сайлау учаскелеріне азаматтардан 16 шағым түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 маусымда сайлау комиссияларына 18 шағым түсті. Бұл шағымдардың барлығы жеке тұлғалардан келді. Оның ішінде бізге, Орталық сайлау комиссиясына 11 шағым түсті. ОСК-ге түскен шағымдарды сипатына қарай келесі топтарға бөлуге болады. Шағымдардың басым бөлігі орнын айқындау мен дауыс беру тәсіліне қатысты мәселелер болды. Мәселен, сайлаушыларды сайлау учаскесінің нөмірін қалай білуге болатындығы, аталған учаскенің қайда орналасқаны, интернет арқылы дауыс беруге мүмкіндіктің бар-жоғы немесе электронды дауыс берудің басқа да мүмкіншіліктері қызықтырды», - деді Зәуреш Баймолдина Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында.

Оның айтуынша, келесі мәселелер сайлаушылардың тізіміне, оның ішінде есептен шығару куәлігінсіз қосуға қатысты болды. Сонымен қатар жекелеген сайлау учаскелеріндегі дауыс беруді ұйымдастырудағы бұзушылықтар турасында да шағымдар болды.

«Мұндай 4 шағым түсті. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Аумақтық сайлау комиссияларына қатысты айтар болсам, бюллетеньдердің бір бөлігін жарамсыз деп танылуы мүмкін бұзушылықтар көрсетілді», - деді ол.




null

Жоғары қарай