Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Дәурен Абаев Теңіздегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 4 шілде 2019 21:31 1219

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кез келген шетелдік бөтен елде нәпақа тауып жүргендіктен, жергілікті халықтың менталитетін жақсы білуі керек. Хабар арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәурен Абаевтың айтуына қарағанда, қазір Теңіздегі жағдай жергілікті биліктің толық бақылауында. Ал әлеуметтік желіде тараған суреттер мен бейнелердің қайсысы шындыққа жақын, қайсысы жалған екенін арнайы комиссия анықтамақ.

«Менің білуімше тексеру әлі жүріп жатыр. Жергілікті билік бәрін бақылауда ұстап отыр. Облыс әкімі компания жұмысшыларымен, оның басшыларымен келіссөздер жүргізді. Төбелесте зардап шеккен шетелдіктерді еліне қайтару жұмыстары ұйымдастырылды. Компанияның бірінші басшысы Қазақстанға ұшып келіп, ресми түрде кешірім сұрады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары асқаратын ведомствоаралық комиссия құрылды. Ол комиссияның міндеті барлығына бірдей еңбек жағдайын жасау», - деді министр.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі бұл жағдайда күш көрсеткендердің де, бөтен елде жүріп жергілікті халықтың ой-сезімін қаперге алмаған шетелдіктердің ісі дұрыс емес деген пікір айтады.

«Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайтынына сенгім келеді. Қандай себеп болса да адамға күш көрсетуге болмайды. Солай десек те,  кез келген шетелдік  нәпақа тауып жүрген елдегі жергілікті халықтың менталитетін, төл ерекшеліктерін білуі керек. Жергілікті халықтың ой-сезімін сыйлай білуі керек», - дед ол.

 

 

Жоғары қарай