Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 334.85
EUR 394.29
RUB 5.69
CNY 50.60

Дәурен Абаев ХҚКО-ларда жеке мәліметтерді заңсыз алу шағымына жауап берді

2017 жылдың 20 қараша 2017 14:05 1823

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР  Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ХҚКО-да анықтаманы заңсыз алу жағдайына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет сағытында депутат Снежана Имашева Алматы тұрғыны қаладағы ХҚКО-лардың бірінде өзінің жеке мәліметтері бөгде адамға берілгендігі туралы хабарлағанын еске салды. Осы орайда депутат болашақта осындай жағдайға жол бермес үшін ведомство қандай шараларды қабылдап жатқандығын сұрады.

«Біз осы орайда екі бағытты көріп отырмыз. Біріншіден, барынша анықтамаларды қысқарту ескерілген. Яғни меморгандардың анықтамаларды тікелей сұраным бойынша мәліметтер базасынан алуын қарастырудамыз. Осы орайда адамдардың ерсілі-қарсы жүруі болмайды, себебі ақпараттық жүйелердің бірігуі мұндай мүмкіндікке жол ашады. Екіншіден, біз міндетті түрде халықтың бұл саладағы сауаттылығын арттырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде тұтас бір алгоритмді әзірлеудеміз. Үшінші жақтағы ұйымдар белгілі бір азамат бойынша мәліметті тек осы адамның рұқсатымен алуы тұрғысында тиісті жұмыстар жүргізілуде», - деп түсіндірді министр.

Оның сөзіне қарағанда, аталған оқиғаға байланысты туындаған қоғамдық резонанстан кейін министрлікке 60 шағым келіп түскен. Онда адамдар ХҚКО қызметкерлері жеке мәліметтерді рұқсатсыз алғандығы туралы арызданған екен.

«Азаматтар осылай ойлаған. Яғни олар орталыққа келіп: «Маған анықтама беріңіздер» деп сұрайды. Өз кезегінде ХҚКО қызметкері оның жеке куәлігімен салыстыра отырып, электрондық қолтаңбасы арқылы жеке мәліметтерге кіріп, анықтаманы алып, тапсырады. Осы орайда біз тексерген барлық жағдайлар расталмады.Атап айтқанда, адамдар осыған дейін орталыққа барып, анықтама алғандары жайында ұмытып кеткені белгілі болды. Бұл адамдар өздері жеке кабинеттеріне кіріп, үш ай бұрын біреулер анықтама алғанын көргенін және бұл құжаттарға тапсырыс бермегендерін айтып отыр.  Алайда бейне камералар арқылы кейіннен бұл жағдайлардың шын мәнінде қалай болғанын анықтадық. Егер де біз азаматтарға көмек көрсетпесек, онда ХҚКО-ларда тағы да ұзын- сонар кезек пайда болады. Сондықтан  азаматтардың дағдыларын арттыру мен барлық ақпараттық жүйелердің интеграциясы бойынша негізгі екі бағытқа назар аударылады»,- деп түйіндеді сөзін министр.

 

 

Пікір қалдыру

Жоғары қарай