Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Дәстүрлі өнер дүлділі әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды

2020 жылдың 18 қаңтар 2020 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры талантты әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды. Қайғылы хабарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға...», - деп жазды Абзал Нүкен.

Мейірхан Сәйдіұлы 1958 жылы 1 шілдеде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Алматы эстрада-цирк студиясын, Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі болған.

Халық композиторлары Біржан мен Ақан серінің, жаяу Мұса мен Мәдидің, Шашубайдың., Естай мен Ғазиздің әндерін ұлттық нақышпен орындайтын әнші Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты атанған еді. Қазақстан өнер шеберлерімен бірге Франция, Швеция, Австрия, Болгария, Голландия, Венгрия, Ресей сынды елдерде өнер көрсеткен болатын.


Фото: www.saz-alemi.kz
Жоғары қарай