Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Дәрігерлер қазақстандықтарды электронды темекіден бас тартуға шақырды

2019 жылдың 8 қазан 2019 12:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы АҚШ-тағы эпидемияға байланысты қазақстандықтарға вейпингтан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АҚШ-та электронды темекілерді шеккен адам өлімінің бесінші жағдайы тіркелді. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекіден пайда болатын белгісіз ауруға байланысты адамдарды одан бас тартуға шақыруда. Бүгінгі таңда вейпингпен байланысты тыныс алу жүйесінің проблемасымен емдеуге жатқызылғандардың 500-ден аса оқиғасы тіркелген. Айрықша таралған ауру белгілері ретінде жөтел, кеуденің ауырсынуы, ауаның жетіспеуі, қалтырау, бас ауруы, естен танып қалу, диарея, анорексия, салмақ жоғалту жайттары тіркелуде. Бронхоскопия бұл аурудың жұқпалы емес екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Рентгенограмма өкпенің астыңғы бөлігінің күңгірттенгенін, компьютерлік томография — өкпе альвеолары үлпілделігінің төмендегенін көрсетті», - делінген таратылған мәліметте.

Айта кетейік, бастапқыда электронды темекілер мен вейперлер шылым шегуді тастауға немесе адамдар үшін зиянды әдеттің залалын төмендетуге көмектесетін құрал ретінде ұсынылған. Алайда, соңғы жылдары олар мектеп оқушылары мен жастар арасында танымал болып кетті.

Вейптің негізгі компоненттері ретінде никотин, пропиленгликоль - Е1520 тағамдық қоспасы, глицерин, су және иістендіргіштер (ароматизаторлар) қамтылған. Ғалымдардың бақылауынша, электрондық темекілерді пайдаланатын жастар кейіннен кәдімгі темекілерді жиі шеге бастайды екен.

Бүгінгі таңда орын алған жағдайларға байланысты бүкіл әлемнің ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп электрондық темекілердің адам денсаулығына тигізетін залалын зерделеуде.

«Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарға электронды темекілерден бас тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Вейптердің буын қауіпсіз деп санауға болмайды. Оның құрамында канцерогендермен бірге ағзаны улайтын әлеуетті зиянды қосындылар мен уытты қоспалар бар, сондай-ақ металл іздері немесе қыздырғыш элементтің, не темекі құрылғысының басқа бөлігінің белгілері бар. Бұдан басқа, девайстар жарылып, адамды жарақаттауы мүмкін. Орталық салауатты өмір салтын ұстануға: дұрыс тамақтану үлесін сақтауға, тұз мөлшерін көп тұтынбай, спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады», - дейді ұйым.

Еске сала кетейік, биыл қазан айының басында АҚШ-та 14 адам электронды темекінің құрбаны болғанын хабарлаған едік.

Жоғары қарай