Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

Дәрігерлер ер адамның өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 10:51 5945

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вьетнамда дәрігерлер 48 жастағы Нгуен Ван Нхаттың өмірін 15 бөтелке сыраның көмегімен сақтап қалды. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның себебі мынада, Нхаттың қанының құрамындағы метанол деңгейі тиісті нормадан 1000 есе артып кеткен. Оның өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер алдымен үш бөтелке сыра құйған, кейін сағат сайын бір бөтелкеден құйып отырған. Осылайша, дәрігерлер науқас бауырының метанол шығаруын азайта алған.

Сонымен қатар науқастың қанын тазартып отырған. Дәрігерлердің айтуынша, алкоголь адам ағзасына тек екі формада - метил спирті және этил спирті түрінде түсуі мүмкін. Алғашқысы адам өміріне қатерлі, өйткені қорыту кезінде ол тотығып, улы формальдегидке айналады. Бірақ бауыр ең алдымен сыра немесе басқа да сапалы алкогольдың құрамында болатын этанолды шығара бастайды. Екінші сөзбен айтқанда, дәрігерлер «уды у емдейді» деген тәсілді қолданған.

Үш апта дәрігерлердің бақылауында болған науқас құлан таза айығып кетті.

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай