Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Дәрігер мәртебесі туралы заң қабылдануы мүмкін бе – Біртановтың жауабы

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «Дәрігерлердің мәртебесі туралы» заң қабылдануы мүмкін бе? Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәрігерлер мәртебесі туралы» заң жобасы әзірге болмайды. Оның себебі - біз қазіргі уақытта денсаулық сақтау бойынша арнайы кодекс әзірлеп, Парламентке тапсырып жатырмыз. Кодекстің деңгейі заңға қарағанда жоғары болады. Сонымен, дәрігерлердің және медициналық қызметкерлердің мәртебе бойынша ұсыныстары жаңа кодекс жобасына енгізілді. Кодекс жобасын талқылау барысында соңғы жағдайлар көтерілген. Дәрігерлерден, қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар келіп жатыр. Ол да түсінікті. Парламенттің ішінде бұл мәселені талқылаймыз», - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында.

Елжан Біртановтың айтуынша, өткен аптада Үкімет қажетті қаулыны қабылдаған.

«Кодекстің жобасы бүгін Парламентке өткізіледі. Келесі аптадан парламенттік жұмыс басталады», - деп түйді министр.

Жоғары қарай