Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Дариға Назарбаева журналистерді құттықтады

2019 жылдың 28 маусым 2019 19:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева журналистерді Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламент жоғарғы Палатасының басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өсіп-өркендеу мен игілік және мықты денсаулық тіледі, біліктілігі және өз ісін адал атқаратыны үшін алғыс айтты.

Төраға таяуда республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесіп, осы саланы дамытудың жаһандық көріністері мен қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелерін талқылаған болатын.

«Біздің елімізде өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы өте жақсы заң бар. Саланың өзін-өзі реттеуі үшін заңда аса маңызды тетіктер бар. Журналистердің кәсіби қоғамдық ұйымы құрылуы және сол арқылы салалық мүдделер қорғалуы керек. Бұл аса маңызды жұмыс. Заңның барлық талаптары бойынша құрылған кәсіби ұйым ғана мемлекеттік бірқатар міндеттерді ала алады және өз мәселелерін өзі реттей алады», - деді Сенат басшысы.

Д.Назарбаева Сенатта тіркелген журналистерге алғыс хат тапсырды және Сенат алдағы жылы Палата жұмысының материалдары бойынша үздік журналистік зерттеу бойынша бәйге өтетінін атап өтті.




null


null


null

Басты сөздер: БАҚ, Сенат, Парламент,
Жоғары қарай