Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Дариға Назарбаева журналистерді аккредитациялау ережесіне қатысты пікір білдірді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 13:50 852

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева журналистерді аккредитациялау ережелеріне түзету енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тыңғылықты қарап шықтым. Бұқаралық ақарат құралдарындағы жауаптарды, медиа қоғамдастықтың жауаптарын да оқыдым. Сонымен қатар, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан айтылған көзқарастан да хабардар болдым. Менің білуімше, осы тақырып бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі кәсіби қоғамдастықпен консенсусқа қол жеткізілген кезде ғана бұйыққа тиісті міндетті түрде түзетулер енгізілетінін айтты», - деді Дариға Назарбаева Сенатта тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, сенатор журналистерді барлық ведомстволардың нормативтік-құқықтық құжаттарын белсенді түрде зерттеуге шақырды.

«Бұл тұрғыда екі үлкен оңтайлы жағдайды байқауға болады. Біріншіден, бүгінде онлайн-режимде интернетте атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілері жобаларын көруге болады. Бұрындары осындай мүмкіндік жоқ еді. Бұл ретте журналистік қоғамдастық ведомстволарының аталған құжаттарын белсенді түрде зерттегені дұрыс болар деп санаймын», - деді Д. Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселеде мәмілеге келу керек.

«Екіншіден, бүгінде сіздерде осының барлығын талқылауға, пікір алмасуға, қарсылық білдіруге мүмкіндіктеріңіз бар. Қазіргі кезде негізгі даулы мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар назарға алынды деп ойлаймын», - деді сенатор.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді аккредитациялау ережелерін кеңінен талқылауға байланысты вице-министр Нұргүл Мауберлиноваға тапсырма берген еді. 

Айта кетейік, осы аптадағы Үкімет отырысынан кейін министр журналистерді аккредитациядан өткізу және тақырып бойынша сұрақ қою мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын. 

Бұған дейін журналистерді аккредитациялау ержелеріне түзетулер жобасы жарияланған еді.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Сенат, БАҚ,
Жоғары қарай