Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Дариға Назарбаева Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

2019 жылдың 26 наурыз 2019 19:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Мұстафа Шентоппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

М.Шентоп Д.Назарбаеваны Наурыз мерекесімен әрі Сенат басшысы болып сайлануымен құттықтады және оның Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметінде табысқа жетуіне тілектестігін білдірді. Ол екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артты және Сенат Төрағасына Түркияға сапармен баруға шақырды.

Д.Назарбаева жылы құттықтаулар үшін алғысын жеткізіп, «Елбасының жаңғыртуға бағытталған жолын жалғастыру - басты міндет» екенін атап өтті. Сенат Төрағасы М. Шентопты халықты әлеуметтік қолдау, экономикалық өсу және инвестициялар тарту мәселелеріне баса назар аударылған Қазақстанның даму стратегиясы туралы жан-жақты хабардар етті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, парламентаралық үнқатысуды нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасын 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия елдерінің парламенттері төрағаларының кездесуіне шақырды. «Бізде көптеген жоспарлар бар, оларды нәтижелі іске асыру үшін жұмыс істейміз. Мен Түркияның өркендеуін, Сіздердің Президентіңіз Реджеп Тайып Ердоғанға және бүкіл түрік халқына табыс тілеймін. Түркия - қуатты мемлекет және барлық қиындықтарды жеңеді», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

М.Шентоп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуы мен табысты дамуындағы жетекші рөліне жоғары баға берді, сондай-ақ Қазақстан-Түркия қатынастарын нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс айтты.

Басты сөздер: Түркия, Сенат,
Жоғары қарай