Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Дариға Назарбаева оқытушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

2019 жылдың 5 қазан 2019 11:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева оқытушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет», - деді Сенат Төрағасы.

Спикердің айтуынша, «Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағды мен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр».

«Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін!

Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!», - деді Дариға Назарбаева.

Басты сөздер: Парламент, Сенат, Білім,
Жоғары қарай