Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Дәрі-дәрмекті тек дәрігердің рұқсатымен ішу керек - фармаколог

2019 жылдың 4 шілде 2019 17:24 717

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Дәрі-дәрмекті сараптау  ұлттық орталығының клиникалық бас фармакологы, медицина ғылымдарының докторы Раиса Күзденбаева рецептісіз сатылатын дәрілердің қаупін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті, дәрі дәрмекті сараптау орталығы мен фармацевтика мамандары рецептісіз сатылатын препараттар жөнінде мәселе көтерді.

«Біз рецепт тізімінде тұрған препараттардың тағайындалуын сөз етіп отырмыз. Біз дәрі-дәрмекті ұтымды әрі дұрыс пайдалануымыз керек. ДСҰ-ның рұқсаты бар препараттарды  науқас адамдар клиникалық қажеттіліктеріне сәйкес қабылдаған кезде ғана қолдану қажет. Біз дұрыс диагноз қойып, дұрыс ем жүргізуіміз және науқасқа ішетін дәрінің мөлшерін анықтап беруіміз керек. Бүгінгі күні ең төменгі экономикалық шығындар да өте маңызды. Себебі, бізде тегін емделетін науқастардың контингенті бар. Мұның бәрі бағалануы керек», - деді клиникалық фармаколог Раиса Күзденбаева.

Оның айтуынша, қазір елімізде арнайы тіркелген 8 мыңнан астам дәрі-дәрмек бар.

«Бізде өзін-өзі емдейтіндер көп. Дәрігердің кеңесіне жүгінбей-ақ, өздері диагноз қойып, дәрілерді өздері таңдап алады. Себебі, дәріханаларда дәрілер рецептісіз сатыла береді. Қазір антибиотиктер дәуірі жүріп тұр. Бұл - үлкен мәселе. Біз антибиотиктерге қарсы тұрдық. Десек те, әу баста қателіктер кетті. Біз дозаны сақтамадық, жас ерекшеліктеріне назар аудармадық,  дұрыс емес препараттарды таңдадық», - деп атап өтті баяндамашы.

 

Автор: Алма Мұқанова

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай