Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Данияр Қайсанов екі дүркін Азия чемпионы атанды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 20:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан астанасы Нью-Делиде күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық балуан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

74 келіге дейінгі салмақта белдескен балуан Данияр Қайсанов жарыс барысында қарсылас шақ келтірмеді.

Шешуші кездесуде ол Үндістан спортшысын 3:1 есебімен жеңіп, еркін күрестен ел қоржынына алғашқы алтынды салды. Ол жартылай финалда жапон балуаны Даичи Такатаниді, ширек финалда ирактық Карам Шакирді ұтты.

Айта кетерлігі, Данияр Қайсанов былтыр Қытайдың Сиянь қаласында өткен құрлықтық біріншілігінде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда өткен әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақта Олимпиада лицензиясына иелік етті.


Автор Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай