Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

2019 жылдың 23 мамыр 2019 10:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасы 25 мамырда АҚШ-та өтетін кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына дөп келіп тұр.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді. Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.

Кейін бұл мәселеге қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко пікір білдіріп, Головкин мен Елеусінов арасында қандай да бір түсінбеушілік бар дегенге сенбейтінін айтқан болатын.

Осы жағдайға байланысты Данияр Елеусінов 25 мамырда өтетін жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатқан еді. Республикалық бірқатар БАҚ көздерінің хабарлауынша, Елеусінов мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) қарсы айқасқа шығады.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай