Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Данияр Елеусіновті әлемнің абсолютті чемпионы жаттықтыратын болды

2019 жылдың 20 ақпан 2019 19:03

АСТАНА. ҚазАқпарат -Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновті кәсіби бокста жартылай орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Кори Спинкс жаттықтыратыны белгілі болды.

Бұл туралы боксшының менеджері Зия Әлиев Sports.kz-ке берген сұхбатында айтты.

«Джон Джексонның жұмысбастылығына байланысты жартылай орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Кори Спинксті шақыру туралы шешім қабылдадық. Мықты боксшылардың бәрі жақсы жаттықтырушы бола бермейді және керісінше. Елеусінов келген алғашқы күннен бастап Кори Даниярдың әкесімен бірге оны алдағы айқасқа дайындап жатыр. Біз жаттықтырушы ретінде кімді таңдарымызды білмедік, соңында Кориге тоқталдық», - деді маман.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай