Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Данияр Елеусінов жетінші жекпе-жегі туралы айтты

2019 жылдың 24 мамыр 2019 01:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) өзінің жетінші жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

«Мен Мэриленд өзімді бақытты сезінудемін. Шоу керемет болады деп болжануда. Бұл менің жетінші жекпе-жегім және оған қазақстандықтар да қатысып, жанкүйер болмақ. Бәрі жақсы болады дегенге сенемін», - деді Елеусінов.

Еске салсақ, жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына сәйкес келеді және жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді. Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай