Ауа райы
Нұр-Сұлтан 4 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
CNY 56.33

Данияр Елеусінов пен Әлия Юсупова Астананың атауын өзгерту бастамасын қолдады

2019 жылдың 21 наурыз 2019 12:52 1040

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Данияр Елеусінов пен Әлия Юсупова Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана қаласына және облыстық қалалардың басты көшелеріне беру бастамасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық боксшы, Олимпиаданың алтын жүлдегері Данияр Елеусінов Фейсбуктегі парақшасында аталмыш бастаманы қолдап жазба қалдырды.

«Мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту және Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін облыстық қалалардағы басты көшелерге беру туралы бастамасын толық қолдаймын. Менің ойымша, Елбасы бұл құрметке әбден лайық!», - деп жазды ол.

Кейіннен бұл бастамаға қазақстандық гимнасшы Әлия Юсупова да қолдау білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында осындай мәтін жариялады.

Айта кетейік, кеше ант беру рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің астанамыз Нұрсұлтан деп аталуы керек» деген болатын. Ол сондай-ақ облыстық қалалардағы басты көшелерге Елбасының есімін беру туралы ұсыныс жасады

 

 

Жоғары қарай