Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқаста жеңіске жетті

2019 жылдың 26 мамыр 2019 08:57 1351

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилледегі  (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде чилилік Луисом Норамбуэнмен (3-1-1, 0 КО)  айқасты. Жартылай орта салмақта болған бұл жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен Елеусіновтің пайдасына шешілді.

Сонымен Данияр кәсіби бокста жетінші рет мерейі үстем болды. Айта кетер жайт, ол әзірге жеңілмеген.

Ал Норамбуэн өз спорттық жолында екінші рет сүрініп отыр.

 

 

Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай