Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Данияр Елеусінов АҚШ-тағы айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

2019 жылдың 25 мамыр 2019 10:05 857

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең таңғы мезгілде америкалық Оксон Хилл қаласындағы (Мэрилэнд штаты)  MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде бокс шоуы болады. Оған жартылай орта салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО)  қатысады, деп жазады Sports.kz. 

Алты раундқа есептелген жекпе-жектегі оның қарсыласы чилилік Луис Норамбуэна (3-1-1, 2 КО).

Олар айқас алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның қорытындысы бойынша Елеусіновтың салмағы 150,2 фунт, ал Норамбуэн одан жеңілдеу -149,4 фунт болды.

Жекпе-жек жексенбі, 26 мамыр күні таңертең болады. Бұл кездесу жайлы қазақстандық жанкүйерлер тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы арқылы көре алады. Ол астаналық уақытпен 06:05-те басталады.

 

 

Басты сөздер: Бокс,
Жоғары қарай