Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Данияда полиция учаскесінің жанында жарылыс болды

2019 жылдың 10 тамыз 2019 17:07

КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Дания астанасындағы полицей учаскесінің маңында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Дания полициясының мәліметінше, жарылыс салдарынан Нёрребро ауданында зардап шеккен ешкім жоқ. Жарылыс тек полиция учаскесінің ғимаратына зақым келтірген.

Ekstra Bladet газеті полиция жарылыс орнынан қашып бара жатқан ер адамға іздеу салғанын мәлім етті.

Deutsche Welle бұл Дания астанасында төрт күннің ішінде болған екінші жарылыс екенін атап өтті. Алғашқы жарылыс сейсенбі күні Данияның Эстербру ауданында орналасқан салықтық басқармасының кіреберісінде болған. Апат салдарынан бір адам жеңіл жарақат алды.

Полиция екінші оқиға қасақана жасалған шабуыл деп отыр.

Бұл екі жарылыстың бір-біріне қатыстылығы әзірге белгісіз.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай