Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

«ЦСКА»-ны жеңгеннен кейін «Барыстың» ҚХЛ кестесіндегі орны қандай

2020 жылдың 14 ақпан 2020 09:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астаналық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік ЦСКА-ны 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ойын кезінде Сергей Толчинский (13-ші минутта) және Клас Дальбек (49-шы) сынды алаң қожайындары ерекше көзге түссе, біздің спортшыларымыздан Корбэн Найт (19-шы), Линус Виделль (36-шы) және Даррен Диц (53-шы) қақпаны дәл көздеді.

Осылайша, «Барыстың» жалпы ұпайы 77-ге жетіп, Шығыс конференциясында үшінші орынға жайғасты. Бірінші және екінші орында сәйкесінше омскілік «Авангард» пен Қазанның «Ақ барысы». Чернышев дивизионында Андрей Скабелканың ойыншылары «Авангардтан» кейінгі екінші орында тұр.

Енді, 15 ақпан күні «Барыс» Нұр-Сұлтанда «Сочиді» қабылдайды.


Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай