Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 369.36
EUR 431.30
RUB 5.45
CNY 53.80

ЧЛ: Бірінші кезеңнен кейін «Астана» мен «Динамо» тең ойнап жатыр

2018 жылдың 15 тамыз 2018 00:49 777

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойынында елордалық «Астана» сырт алаңда Хорватияның Загреб қаласының «Динамосымен» кездесуде. Ойынның алғашқы кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Екі команда арасындағы алғашқы ойын Астана қаласында өтті. Бұл ойында «Динамо» 2:0 есебімен басым түскен еді. Осының нәтижесінде олар жарысты жалғастыру мүмкіндігін арттыра түсті. Өйткені, «Астана» плей-офф кезеңіне шығу үшін кем дегенде үш доп айырмасымен жеңске жетуі тиіс. 

Бүгінгі кездесудің алғашқы кезеңінде екі команда тарапынан да шабуылдар өрістей түсті. Дегенмен, олардың ешқайсысы діттеген мақсатына жете қойған жоқ. 

«Астана» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан жағдайда Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен кездеседі. Бұл ойындар 22 және 29 тамыз күндері өтеді.  Егер елордалық клуб аталмыш қарсыласынан жеңілсе, Еуропа лигасының плей-офф сатысына жолдама алады. Ол ойындар 23 және 30 тамыз күндері болады.

Фото: prosport.kz

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Астана,
Жоғары қарай