Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Чемпиондар лигасы: «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 08:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияның «Реалы» өз алаңында Англияның «Манчестер Сити» клубын қабылдады. Екі ұжым да жеңіске жету жолында тынбай тер төкті. Бірінші кезең олардың алма-кезек шабуылымен өрбіді. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. «Сити» шабуылшысы Габи Жезус қақпашымен бетпе-бет шыққан. Алайда оның соққысын қақпашы қайтарды. Бірінші таймда қонақтардың қорғаушысы Аймерик Ляпорт жарақат алып, алаңнан кетті.

Екінші тайм «Манчестер Ситидің» басымдығымен өтті. 59-минутта қарымта шабуыл кезінде «Реал» есеп ашқан. Қорғаушыларды алдап өткен Винисиус Жуниор әріптесі Искоға пас берді. Соңғысы қателескен жоқ. Есеп – 1:0! Қарымта шабуылдардың бірінде ағылшындық клубтың ойыншысы Габи Жезус таразы басын теңестіріп кетті. Ол айып алаңына асырылған допты қақпаға баспен кіргізді. Мұнан соң Кевин де Брюйне пенальтиден көзге түсіп, есепті 1:2 қылды. Ойын соңына таман бас төреші «Реал» капитаны Серхио Рамосты тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуды.

Қатар өткен «Лион»-«Ювентус» матчында француздар басым болды. Кездесудегі жалғыз голды Тузар соқты.

Осылайша, Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық кезеңінің алғашқы ойындары аяқталды.


Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай