Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

БЖЗҚ нақты табыстылығы бір жылда 5,8% құрады

2019 жылдың 24 мамыр 2019 22:50 749

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі 2019 жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызметке шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелі 9 761,9 млрд. теңгені құрады. Теңгеге номинациаланған ақшалай қаражаттар мен қаржы құралдары 6 613,1 млрд. теңгені немесе 67,7%-ды құрады, шетел валютасымен  - 3 148,8 млрд. теңге немесе 32,3%.

Теңгедегі зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 76 млрд. теңгені (ақша нарығының инструменттеріне инвестицияларды қоспағанда) құрады, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің МБҚ орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7% мөлшерінде 46 млрд. Еуропалық қайта құру және Даму Банкінің облигациялары 30 млрд. теңге сомасында инфляцияға және жылына 1% сыйақыға тең кірістілікпен сатып алынды.

Шетел валютасында номинацияланған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 168,7 млрд. теңгені құрады. Осы көлем үшін АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздары орташа алынған кірістілігі жылына 2,4% сатып алынды.

БЖЗҚ-ның есептелген инвестициялық кірісінің мөлшері 2019 жылдың басынан бастап 172,4 млрд. теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап инвесторлардың шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,62% құрады.

Сонымен бірге, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің соңғы 12 ай ішінде (2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін) БЖЗҚ салымшыларына арналған кірістілігі 10,7% құрады, инфляция - 4,9%. Сондай-ақ, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 5,8% құрады. 

 

 

Жоғары қарай